08:35, 14 Мамыр 2012 | GMT +5
Таразда көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінде өрт болды, зардап шеккендер бар
АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Жексенбі күні таңертең Тараз қаласында бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатындағы саты алаңында тұрмыстық құрылыс қалдықтары өртенді, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нан.

Өрт жарты сағаттан кейін сөндірілді. Онымен күреске ҚР ТЖМ Жамбыл облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 10 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.
30 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның 12-сі - балалар. Тілсіз жау салдарынан бір ер адам мен 11 жасар қыз бала иіс тиіп, ауруханаға жеткізілді.