Таразда кранға шығып алған ер адам өз-өзіне қол жұмсамақ болды
АСТАНА. KAZINFORM — ТЖМ құтқарушылары өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің алдын алды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Бүгін Жамбыл облысының «112» қызметіне Тараз қаласында Сәтбаев көшесі мен Жамбыл даңғылының қиылысындағы, 4 қабаттағы мұнаралы кранға өзін байлаған ер адамның өз-өзіне қол жұмсау әрекеті туралы хабарлама келіп түсті.
— Оқиға орнына шұғыл түрде ТЖМ күштері жіберілді. Келген жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен психологтар ер адаммен әңгімелесіп, оның назарын аударды. Содан кейін құтқарушылар альпинистік құрал-жабдықтарды қолдана отырып ер адамды түсіріп, полиция қызметкерлеріне тапсырды, — делінген хабарламада.
Бұған дейін Жаңаөзенде лудоман өз-өзіне қол жұмсағанын жаздық.
Сонымен қатар, Ақтөбеде тергеу изоляторында бала зорлау ісінде күдікті суицид жасағаны хабарланды.