Таразда құқық қорғау органдарының қаза болған қызметкерлерімен қоштасуда

РАЗ. 14 қараша. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Таразда бүгін құқық қорғау органдарының қаза болған қызметкерлерін жер қойнына береді.
None
None

12 қарашада лаңкесті ұстау кезінде қаза болған полицейлермен қоштасу «Динамо» спорт клубының (ішкі істер департаментінің спорт кешені) аумағында өтуде.

Қаза болғандардың ішінде - ІІД Жол полициясы батальоны 1-взводының командирі, полиция капитаны Ғазиз Байтасов, Жамбыл облысы ІІД мамандандырылған күзет қызметі басқармасының жедел әрекет ету взводының полицей, полиция аға сержанты Полат Аянқұлов және осы бөлімнің жүргізуші-полицейі, полиция аға сержанты Жақсыбек Байсейітов бар.

Жамбыл облысы ІІД жол полициясы батальонының 1-взвод командирі, полиция капитаны Ғазиз Әбдібекұлы Байтасов 1971 жылы 3 сәуірде Жамбыл қаласында туған. Білімі жоғары, заңгер. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1992 жылы Жезқазған ІІБ МАИ жол-патруль қызметінің инспекторы қызметінен бастады. Қызмет барысында өзін сауатты, адал, принципті және кәсіби қызметкер ретінде көрсете білді, бірнеше рет басшылық марапаттарына ие болды, 2-, және 3-дәрежелі «ІІО-ындағы мінсіз қызметі үшін» медалімен, Жамбыл облысы әкімінің грамотасымен марапатталған. Артында әйелі және екі баласы қалды.

Ерлігі үшін Ғазиз Байтасовты ІІМ басшылығы мемлекеттік наградаға ұсынды.

Жамбыл облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының жедел әрекет ету взводының полицейі полиция сержанты Полат Қойшыбайұлы Аянқұлов 1983 жылы 25 ақпанда Қарақалпақ АКСР Қоңырат қаласында туған. Білімі - жоғары. Ішкі істер органдарындағы қызметін 2005 жылы мамандандырылған күзет қызметінің батальонында күзет полицейі болып бастады. Қызмет барысында өзін адал және тындырымды қызметкер ретінде көрсете біліп, әлденеше рет марапатқа ие болды. Оның артында әйелі және екі баласы қалды.

Жамбыл облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының жедел әрекет ету взводының полицейі, полиция сержанты Жақсыбек Апрелбекұлы Байсейітов 1980 жылы 27 сәуірде Жамбыл облысының Талас ауданындағы Есейхан ауылында туған. Білімі - орта. Ішкі істер органдарындағы қызметін 2009 жылы күзет полицейі болып бастады. Қызмет атқару кезінде өзін адал, сауатты және тындырымды қызметкер ретінде көрсете білді, бірнеше рет марапатқа ие болды. Оның артында әйелі және қызы қалды.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Таразда 12 қарашада жиһад қозғалысының мүшесі жасаған қылмыстардың нәтижесінде жеті адам қаза болды, оның бесеуі - құқық қорғау органдарының қызметкері және екеуі азаматтық тұлғалар. Сондай-ақ ішкі істер органының үш қызметкері жарақаттанды.

Соңғы жаңалықтар