Таразда күрес түрлерінен Қазақстан кубогы өтеді

АСТАНА. KAZINFORM - 11 қарашада Таразда  күрес түрлерінен Қазақстан Республикасының кубогы басталады, деп хабарлайды Ұлттық олимпиадалық комитет.

Таразда күрес түрлерінен Қазақстан кубогы өтеді
Фото: olympic.kz

Турнирге грек-рим, еркін және әйелдер күресінің өкілдері қатысады. Спорттың әр түрінен он салмақ дәрежесінде медалдар сарапқа салынады.

11 қарашада «классиктер» арасында жарыстар басталады. Ал 13 қарашада әйелдер арасындағы үздіктер анықталады. Кубокты қорытындылайтын еркін күрес шеберлері, 14 қарашада жүлделі орындар үшін күреседі.

Қазақстандық балуан Ержет Жарылқасын Біріккен күрес әлемінің (UWW) жаңартылған әлемдік рейтингінде бірінші орынға көтерілгенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар