Таразда құрылысы желтоқсанда аяқталуы тиіс мектеп қыркүйекте тапсырылмақ

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Тараз қаласындағы «Қант зауыты» аумағында 300 орындық мектеп құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл білім ошағының құрылысына республикалық бюджеттен 800 миллион теңге қаражат бөлінген, деп жазды «Ақжол» басылымы.

Тапсырыс беруші - Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі. Мердігер компания астаналық «ORNAU CONSTRUCТION» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Мектеп құрылысы 2015 жылдың маусым айында басталған. Құрылыстың аяқталуы бастапқыда 2016 жылдың желтоқсан айына көзделген болатын. Алайда, кестеден озып келе жатқан мердігер компания биылғы қыркүйектегі жаңа оқу жылында бұл мектепті пайдалануға беруді жоспарлап отыр.

Мердігер компания елордалық болғанмен, жұмысшы, құрылысшылардың түгелге жуығы жергілікті тұрғындар.
Компания директоры Айдар Әшімжанов құрылысқа облысымызда шығарылатын құрылыс өнімдерін қолдануды жіті назарда ұстайды екен.

Тараздық құрылыс өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың өнімі бұл мектептің қажетіне жарап тұр. Аумақ тұрғындары жаңа мектептің салынып жатқанына дән риза. Ғимарат дер кезінде керекті жеріне салынып отыр.

Соңғы жаңалықтар
telegram