Таразда лаңкесті ұстау барысында ерлік көрсеткен жамбылдық 7 полицей мемлекеттік наградаға ұсынылды

АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Таразда лаңкесті ұстау барысында ерлік көрсеткен жамбылдық 7 полицей мемлекеттік наградаға ұсынылды.
None
None

Бұл туралы бүгін апталық брифингте ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

«Қаруланған қылмыскерді қолға түсіру кезінде қайсарлық пен батырлық танытқаны үшін Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің 7 қызметкері, оның ішінде қаза тапқан үшеуін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасымен марапаттау туралы ұсыныс енгізілді», - деді ол.

Ресми өкілдің атап өтуінше, сонымен қатар қызметтік міндетін орындау барысында ерлікпен қаза тапқан Алматы қалалық ішкі істер департаменті патрульдік полиция полкінің 2 қызметкері де мемлекеттік наградаға ұсынылған.

Жалпы ағымдағы жылдың 10 айында ішкі істер органдарының 71 қызметкері қаза тапты. Оның ішінде 18 полицей қызметтік міндетін орындау кезінде, ал 9 қызметкер қылмыскерді қолға түсіру барысында мерт болды. Жыл басынан бері 15 полицей, оның ішінде 2-еуі қаза тапқаннан кейін мемлекеттік наградамен марапатталды

Соңғы жаңалықтар