Таразда лифт ішінде қалып қойған төрт тұрғын құтқарылды

ТАРАЗ. KAZINFORM – Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Таразда лифт ішінде қалып қойған тұрғындарды эвакуациялады.

лифт
Фото: ТЖМ

112 пультіне Тараз қаласының мөлтек аудандарының бірінде лифтіні ашу қажеттігі туралы хабарлама түсті. Лифт ішінде мүмкіндігі шектеулі адам болған.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің Жедел-құтқару жасағының бөлімшесі жедел жетті.

- Құтқарушылар гидравликалық құралдар мен авариялық-құтқару жабдықтарының көмегімен лифт есігін ашып, төрт тұрғынды эвакуациялады. Құтқарылған әйелдердің біріне медициналық көмек көрсетіліп, ол жедел жәрдем бригадасына тапсырылды, - делінген хабарламада.

Ведомство лифтте тұрып қалған жағдайда келесі ережелерді сақтау қажеттігін еске салады:

– сабыр сақтап, жақындарыңызды тыныштандыру;
– диспетчерге хабарласу;
– барлық түймелерді қатарынан баспау;
– лифт есігін өзіңіз ашуға тырыспау;
– қолжетімді сыртқы байланыс арналарын пайдалану.

Айта кетейік, СҚО-да құтқарушылар өрт кезінде жарылыс қаупінің алдын алды.

Соңғы жаңалықтар