12:58, 06 Наурыз 2013 | GMT +5
Таразда мереке күндері күн суытады, дауылдық ескерту жарияланды
ТАРАЗ. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Синоптиктер Жамбыл облысының тұрғындарына мереке күндері ауа температурасы күрт төмендеп, күшті жел тұратындығын ескертеді.

«Қазгидромет» РМК-ның Жамбыл облыстық филиалының мәліметінше, 6-7 наурыз күндері аймақта оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге, кей уақыттары 25 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.
7 наурызда кей жерлерде қатты жауын-шашындар (көбіне жаңбыр түрінде) күтіледі, 8 наурыз күні ауа температурасы түнде 2-7 градус аязды, кей аумақтарда 10-15 градусқа дейінгі суықты көрсетеді.
Дауылдық ескерту және тиісті шараларды қолға алу қажеттігі туралы ақпарат Тараз қаласының, аудандардың әкімдеріне, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай облыстық қызметтерінің бастықтарына жіберілді, деп хабарлады Жамбыл облысы бойынша ТЖ департаментінен.
Қазір Таразда термометр бағаны +20 градус жылыны көрсетуде.