Таразда мүмкіндігі шектеулі әйел тігін ательесін ашты

«Даму-Көмек» бағдарламасының аясында көмекті дене мүмкіндігі шектеулі, бірақ шығармашылық талабы шексіз Пану Болатбекова алды. Екінші топтағы мүгедек болғанына қарамастан, белсенді әйел «Стиль» атты шағын ательесін ашу шешімін қабылдады», - деп баяндады «Даму» қоры АҚ аймақтық филиалының бас менеджері Екатерина Хван.
Ателье адам көп жүретін жерде орналасқан және Тараз тұрғындарының сұранысына ие болып үлгерді. Онда қажеттінің барлығы бар - пішу бөлмесі, тігін цехы, маталар дүкені.
«Пану Ісләмбекқызының тігін жабдықтары бар болғанымен, оған жаңғырту бойынша көмек қажет болды, өйткені тігін жабдықтарының әлемі даму үстінде. Пану Болатбекова «Даму» қорының жамбылдық филиалынан демеушілік көмек көрсетуді сұрады. Оның өтінішін «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының қатысушысы, «Дәурен-98» ЖШС-нің директоры Еркін Төлентаев естіп, оған «Toyota» тігін машинасын сатып алды», - деп атап өтті Е.Хван.
Кәсіпкер әйелге көрсеткен көмегі үшін Еркін Төлентаевқа «Даму» КДҚ» АҚ басқармасының төрағасы Ләззат Ыбрайымованың атынан алғыс хат берілді.