Таразда «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 210 пәтерлі көпқабатты үй ел игілігіне берілді

Көп жылдан бері «сақалды құрылысқа» айналған нысанды Қазақстан ипотекалық компаниясы қолға алып, құрылысты аяқтады. Сөйтіп бағдарлама шеңберінде құжат өткізіп, кезекте тұрған 100 отбасының 42-сі пәтер кілтіне ие болды. Олардың басым бөлігі - жас отбасылар. Мамедалиевтер отбасы 3 бөлмелі пәтердің кілтін алды. 2 бала тәрбиелеп отырған жанұя бұған дейін пәтер жалдап тұрған. Енді бүлдіршіндердің өз бөлмесі бардеп қуанады жас отбасы.
«Осы уақытқа дейін біз де осы баспананы армандап, аңсап жеттік. Көптеген армандаған күндеріміз өтті. Осындай біз сияқты жас отбасылар жете берсе екен деген тілек айтамын», - дейді қала тұрғыны Эльмира Телеубекова.
Жалпы бүгінгі күнге дейін облыста 16,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Жыл соңына дейін тағы 50 мың шаршы метр беріледі. Ал Қазақстанның ипотекалық компаниясы биыл Таразда 28,5 мың шаршы метр тұрғын үйді ел иігіліне тапсыруды жоспарлап отыр. Жүзеге асса 450 адам пәтерлі болмақ.
«Қазақстан ипотекалық компанияларға 92 миллиард теңге қаржы бөлді. Осы жылдың соңына дейін «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Қазақстан ипотекалық компаниясы арқылы біз тағы да қосымша 200 пәтер Бәйтерек мөлтек ауданында өткіземіз және Маяковский көшесінде 40 пәтерлі үйді тапсырамыз. Жалпы облыста 2015 жылы 259 мың шаршы метр тұрғын үй берілуі тиіс. Бұл жоспар соңғы 10 айда 119%-ға орындалған», -. Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков.