Таразда облыс әкімінің жаңажылдық шыршасы өтті

ТАРАЗ. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Таразда облыстық «Баласағұн» концерт залында облыс әкімінің жаңажылдық шыршасы өтті.
None
None

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мерекелік шараға барлық аудандар мен Тараз қаласынан 9 бен 13 жастың аралығындағы жүз бала қатысты. Олар - облыста тұратын барлық ұлттың өкілдері. Қатысушылар арасында көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларының балалары, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және мүгедек балалар бар.

Кішкентай қонақтарға облыс әкімінің шыршасында әртүрлі сыйлықтар: жылы киімдер, тәттілер, жұмсақ ойыншықтар сыйға тартылды. Көңілді кештен кейін олар двастарқан басына жиналды.

Бұдан басқа, балалар үшін мәдени бағдарлама ұйымдастырылды - олар «Еуразия» ойын-сауық орталығында болды, облыстық драма театрында жаңа қойылымды тамашалады, облыстық мұражайға және Тұңғыш Президент саябағына саяхат жасады.

Соңғы жаңалықтар