Таразда оқушылар арасында республикалық олимпиада өтеді

АСТАНА. 22 наурыз. ҚазАқпарат - 25-30 наурыз аралығында Тараз қаласында қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді,
None
None

деп хабарлады ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінен.

Тараздағы №53 орта мектепте өтетін олимпиаданың салтанаттты ашылу рәсімі 26 наурызда, ал жабылуы 30 наурызда «Баласағұн» орталық концерт залында белгіленген.

Олимпиадаға 14 облыстан, Астана және Алматы қалаларынан, республикалық білім ұйымдары мен Назарбаев Зияткерлік мектептерінен барлығы 576 оқушы қатысады. Олимпиада қазақ тілі және әдебиеті, орыс мектептеріндегі қазақ тілі, орыс тілі және әдебиеті, қазақ мектептеріндегі орыс тілі, ағылшын тілі, француз тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері сияқты пәндер бойынша өтеді.

Соңғы жаңалықтар