19:41, 15 Наурыз 2016 | GMT +5
Таразда өрік пен шабдалы ағаштары гүлдеді (ФОТО)
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Наурыз айында Таразда алдымен өрік, кейін шабдалы және қараөрік ағаштары гүлдейді.

Биыл көктемнің шуақты күндері ерте келді. Синоптиктердің пікірінше, бұған оңтүстік циклоны әсер етті.
Кей адамдардың айтуынша, Жамбыл облысында жеміс ағаштарының гүлденуімен қатар ауа райы суытып, тіпті қар жаууы да мүмкін.
«Өрік гүлденіп, түйін пайда болса, күн суық болады деген ырым пайда болды, - деді еңбек ардагері, әуесқой бақша өсірушісі Владимир Покатаев. - Егер тиісті шараларды қолға алмасақ, түсімді жоғалтып алып, өрік, шабдалыны Ташкенттен күтуіміз мүмкін».
Қазгидрометтің хабарлауынша, Таразда наурыздың екінші онкүндігінде ауа райы құбылмалы, түнде ауа температурасы 0 - +2, кей жерлерде 2 градус аязға дейін төмендеуі мүмкін. Күндіз өңірде орташа температура +5 немесе +12 градус болуы ықтимал.