Таразда отбасылық үлгідегі жетімдер үйіне газель автокөлігін сыйға тартты
Тараздық Наталья және Алексей Тимофеевтер отбасынан 15 жетім бала пана тауып отыр. Олардың 9-ы кәмелет жасына толған. Ал, алтауы бүгінде отау тігіп, бөлек шыққан: баспаналы, бәрі жұмыс істейді. Қазіргі таңда өздерінің балалары бар. Наталья Григорьевна мен Алексей Николаевич олардан 14 "немере" сүйіп отыр.
Дәл бүгінгі күні Тимофеевтер отбасында 6 жасөспірім тәрбиелену үстінде. Олардың 4-еуі бұған дейін «Үміт» балалар үйінде, екеуі К.Сарымолдаев атындағы жетімдер үйінде болған.
Облыс басшысы Тимофеевтер отбасында болып, Наталья Григорьевнаға балаларға көрсетіп отырған мейірімділігі мен аналық махаббаты үшін алғыс білдірді.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аймақта отбасылық үлгідегі балалар үйіне және жетім балаларды мемлекет қаржысы есебінен өз үйінде тәрбиелейтін патронаттық отбасыларға қолдау көрсету жөнінде бағдарлама әзірленуде. Бағдарлама аясында тұрмыстық және баспана мәселелерін бюджеттен тыс қаржы есебінен шешу жоспарланған.
Жамбыл облысында 138 бала 98 патронаттық отбасы асырауында болса, 11 жетім бала отбасылық үлгідегі балалар үйінде тәрбиеленеді. Бұған қоса үш ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға және жетім балаларға білім беру мемлекеттік мекемесінде 333 бала тәрбиеленеді.