Таразда полиция бөлімшесі, колледж бен вокзал ғимараттарына жарылғыш заттар қойылғандығы туралы ақпараттар алынды

ҚР ТЖМ-нан мәлім еткендей, жексенбі, 13 қараша күні таңертеңгі сағат 9.15-те «102» нөміріне Тараз қаласының теміржол вокзал ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарланды.
Төтенше жағдайды жоюға жұмылдырылған шұғыл әрекет ету қызметтері, соның ішінде ҚР ТЖМ Жамбыл облысы бойынша ТЖД-ның 44 адамы мен 9 техникасы арнайы іс-шараларды жүргізді. Оның барысында қауіпті зат табылмады. Вокзал ғимаратынан 146 адам қауіпсіз жерге шығарылды.
Осы күні сондай-ақ, түнгі сағат 22.20-да «102» нөміріне Тараз қаласы Ішкі істер басқармасының №3-інші полиция бөлімшесі мен теміржол колледжінің ғимараттарына жарылғыш заттар қойылғандығы туралы ақпарат келіп түсті.
Қоңырау бойынша төтенше жағдай орнына дереу жеткен шұғыл әрекет ету қызметтері, соның ішінде ҚР ТЖМ Жамбыл облысы бойынша ТЖД-ның 40 адамы мен 8 техникасы арнайы іс-шараларды жүргізіп, екі ғимаратта да жарылғыш заттарды таппады.