Таразда полиция қызметкері каналдан екі баланы құтқарып қалған

None
Фото: Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
ТАРАЗ.ҚазАқпарат - Тараздық полиция қызметкері Қайрат Тұрлыбаевтың ерлігі туралы әріптестері үш айдан кейін ғана білді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егер құтқарылған ұлдардың ата-аналары әлеуметтік желілерде полиция қызметкерінің ерлік жасағаны үшін марапатталғаны туралы оқымаса, біз Тараз қалалық ІІБ ювеналды полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Қайрат Тұрлыбаевтың балаларды мұзды судан қалай шығарғанын білмес едік», - деді Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

2022 жылдың желтоқсан айында полиция лейтенанты, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспектор Қайрат Тұрлыбаев Саңырақ батыр көшесі бойындағы су арнасы бойымен жұмысқа бара жатып, көліктің ашық терезесінен көмек сұраған балалардың айқайын естіген.


«Ол ойланбастан көліктен жүгіріп шығып, каналға қарай жүгірген. Мұзды суға белшесінен батқан 9-10 жастағы екі балан көмек сұрап айқайлап тұрған. Олар каналдың қатқан бетімен жүреміз деп ойлаған, алайда мұз жарылып кеткен, өйткені біздің өзендер әдетте қыста қата қоймайды. Полиция қызметкері суға секіріп, балаларды бір-бірден шығарып, ата-аналарына апарып табыстаған. Олар полиция қызметкеріне балаларды құтқарғаны үшін алғыс айтты. Мұзды суда ұзақ тұрған балалар өліп кетуі де мүмкін еді», - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Үсті-басы малмандай су болған полиция лейтенанты Қайрат Тұрлыбаев киімін ауыстырып, ешкімге ештеңе айтпастан жұмысына келеді.

«Құтқарылған ұлдардың ата-аналары қарапайым полицей қызмет ететін полиция бөліміне телефон соғып, оқиғамен бөлісіп, екі баланың өмірін сақтап қалған учаскелік полиция қызметкерін марапаттауды сұраған соң, Қайрат Тұрлыбаевтың әріптестері департаменттің баспасөз қызметіне хабарласты. Полиция департаментінің басшылығы ұлдардың ата-анасының өтінішін қарастырамыз деп сендірді», - деп түсіндірді құқық қорғау органы.


Соңғы жаңалықтар