Таразда премьер лига мен бірінші лиганың 1994 жылғы жастар командалары клубтарының арасындағы біріншілік аяқталды

деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің туризм, спорт және денешынықтыру басқармасынан.
Жарысқа барлығы елдің 15 жастар клубтарының командалары қатысты.
Жүлделі орындар үшін «Астана», «Ақтөбе», «Тараз», «Шахтёр», «Жетісу», «Ертіс», «Ақжайық» және «Сұңқар» сайысқа түсті.
Соңғы турға дейін «Тараз» және «Жетісудың» жас ойыншылары бірінші орынға таласты. Соңғы жарыста тараздық команда «Астанамен» 1:1 есебімен ойнап, артқа шегінді, сол арқылы екінші орынды қанағат тұтты.
Соңғы ойында талдықорғандықтар «Сұңқар» командасын 2:0 есебімен жеңіп, ұпайлар саны бойынша (16) «Таразбен» теңесті. Бірақ жеке кездесуде «Жетісу» «Таразды» 2:1 есебімен жеңіп кетті.
Жүлделі командалар мен жарыстың үздік ойыншылары футбол департаментінен, «Тараз» ФК-ның футбол орталығынан, ФИФА атынан сыйлықтарға ие болды.