09:12, 15 Ақпан 2011 | GMT +5
Таразда Сара Назарбаеваның мерейтойына арналған бірқатар іс-шаралар өтті
АЗ. 15 ақпан. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - 7 ақпан мен 12 ақпан аралығында Таразда Сара Назарбаеваның мерейтойына арналған бірқатар мерекелік шаралар болып өтті.
Жамбыл облыстық балалардың құқығын қорғау департаменті мәлім еткендей, барлық білім беру ұйымдарында, мектепалды білім беру мекемелері мен жалпы білім беретін мектептерде жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасында «Қазақстандық анаға арналады» атты балалар суреті мен шығармаларының байқауы ұйымдастырылды.
Облыстың білім беру мекемелеріне қарасты кітапханаларда Сара Назарбаеваның қайырымдылық қызметі туралы «Махаббатпен жылынған жүректер» атты тақырыптағы оқырмандар конференциялары мен кітап көрмелері өткізілді.
Облыстағы барлық білім беру мекемелерінде ұйымдастырылған шаралар 12 ақпан күні «Қазақстандық анаға арналады» атты концертпен аяқталды.