Таразда сауда орталығынан жарылғыш зат табылған жоқ
АСТАНА. KAZINFORM – Тексеру нәтижесінде ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.

15 ақпанда «102» пультіне сауда орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің, ҰҚК және ТЖД қызметкерлері арнайы жедел әрекет ету жасағының, жедел-тергеу тобының және кинологтардың қатысуымен орталық ғимаратына жедел тексеру жүргізді.
- Тексеру нәтижесінде ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ. Ғимараттан сауда дүкендерінің иелері мен орталыққа келушілер бар 2 мыңға жуық адам эвакуацияланды, - делінген Жамбыл облысы ПД хабарламасында.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жамбыл облысы Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 273-бабына сәйкес терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар бергені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады, - делінген хабарламада.
Еске салсақ Таразда сауда орталығынан адамдар эвакуацияланып жатқаны туралы жазған едік.