Таразда сауда үйіндегі адамдар мен қызметкерлер эвакуацияланды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз қалалық Полиция басқармасының 1-полиция бөлімінің Жедел басқару орталығына Тараздағы «Март» сауда орталығы жарылады деген ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Кешкі сағат 21:00-де сауда орталығы жарылады» деген мазмұндағы хабарлама сауда орталығының электрондық поштасына келген.

Шақырту орнына жедел түрде Полиция департаментінің жеке құрамы, арнайы саперлері мен кинолог мамандары, Төтенше жағдай және жедел жәрдем қызметі жұмылдырылды.

«Март» сауда орталығындағы қызметкерлер мен тұрғындар толығымен эвакуацияланып, қауіпсіз жерге көшірілді.

Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Таразда жалған нөмірмен жүрген көлік жүргізушісі ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.

Тараз қаласы патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жол ережесін бұзған «Toyota camry» маркалы автокөлігін тоқтатады. Тексеру барысында автокөлікте тұрған мемлекеттік нөмірдің жалған екендігі анықталған.

Жүргізушінің айтуынша, ол өзінің көлігіне тиесілі нөмірді шешіп, жалған нөмірді бейнебақылау камераларына түспес үшін тағып алған.



Соңғы жаңалықтар