Таразда саябаққа суреттер жайылды

ТАРАЗ. KAZINFORM — Таразда ерекше көрме өтті. Ерекшелігі сол, өнерсүйер қауым картинаны қабырғаға ілінген емес, саябақта жерге жайылған қалпында тамашалады. 

фото
Фото: Ақәділ Рысмахан
фото
Фото: Алтынбек Қартабай

Туындылары бүгінде елімізге ғана емес, алыс-жақын шет мемлекеттерге де таныс болған Алтынбек Қартабай 25 жылдан бері Жамбыл облыстық «Арай» жастар газетінде фототілші.

фотокорр
Фотографтың жеке архивінен

«Алтынбектің фото әлемі» тақырыбында ұйымдастырылған өнер аялдамасына негізінен фототілші түсірген сұлу пейзаждары, портреттік образдар қойылды. 

құсбегі
Фото: Алтынбек Қартабай

Халықаралық, республикалық байқаулардың жүлдегері, кәсіби фотографтың туындыларын тамашалауға анасы Алтынгүл Солағайқызы, туған-туыс, дос-жарандарымен қатар, облыстағы мәдениет, өнер саласының өкілдері келді.

а
Фото: Ақәділ Рысмахан

«Алтынбектің фотоларынан алдымен әдемілікті, сұлулықты көреміз. Ол әрқашан ізденісте жүретіндігінің, еңбекқорлығының арқасында біраз биік белестерді бағындырып, мықты мамандардан жоғары бағасын алған кәсіби фотограф. Ұйымдастырған әрбір көрмесі де жаңа форматта, өзгешелігімен ерекшеленіп тұрады», — дейді әріптесі, фототілші Ақәділ Рысмахан.

а
Фото: Ақәділ Рысмахан

Қала орталығындағы Қайрат Рысқұлбеков саябағында өткен көрмеге бас-аяғы 80-ге жуық туынды қойылды. 

Ашық аспан астында, көк шөптің үстінде жайылған фотолар әуезді әуенмен әрленіп, келушілерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

фото
Фото: Алтынбек Қартабай

«Бұл идеяны мен әлемдік деңгейдегі фототілшінің көрмесінен көрдім. Ол фотосын жерге ақ матаға жайып тастаған болатын. Содан мен оны ары қарай жандандырып, дамыта түстім. Аз-кем кемшіліктер болды, өкінішке қарай. Тамашалаушылар көрме бір күн емес, бірнеше күнге жалғасқанда жақсы болар еді деген ойларын айтып жатты», — дейді Алтынбек Қартабай. 

а
Фото: Ақәділ Рысмахан

Бұған дейін Таразда тұратын қоқыстан «подъезд» сәндейтін қария жайында жазған болатынбыз.

фото
Фото: Алтынбек Қартабай
табиғат
Фото: Алтынбек Қартабай
бүркіт
Фото: Алтынбек Қартабай
а
Фото: Алтынбек Қартабай
ат
Фото: Алтынбек Қартабай

 

 

Соңғы жаңалықтар