Таразда шетелдік көлікті рәсімдеймін деп ақша алған алаяқ ұсталды

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 34 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Ер адам кінәсін мойындады.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы баптың санкциясы 1000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді, не мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Осы орайда, Жамбыл облысының полиция департаменті алаяқтардың құрбаны болып қалмас үшін қолданыстағы заң талаптарын айналып өту жолдарын іздемей, оны бұлжытпай орындау керектігін ескертеді. Барлық қызметтерді мемлекеттік органдардан алу қажет. Заңды рәсімдерді айналып өтуге тырысу екі тарап үшін де қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.
Бұған дейін Қоспаев бастаған қылмыстық топты шекарадан өткізіп жіберген Машанло 2,5 жылға сотталғанын хабарлаған болатынбыз.