Таразда шулы сауда орталығы сот шешімімен оқшауланады

ТАРАЗ. KAZINFORM — Қаладағы бір ғимараттың тұрғындары сауда нысанының рұқсат етілген шу деңгейінен асып, тыныштықты бұзып отырғанын дәлелдеді. Енді кәсіпкерлер жабдықтарды оқшаулап, тұрғындар шығынын өтеуге міндетті, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

В Таразе шумный торговый дом изолируют по решению судаРеспубликаси маҳаллий бюджетига тушумлар
Фото: freepik.com

Тараз қалалық сотында қала тұрғынының заңды тұлғаға қатысты арызы бойынша сот отырысы аяқталды. Ол зейнеткерлердің ұйықтауына кедергі келтіріп, тұрғындардың қалыпты демалу құқығын бұзған сауда орталығынан шыққан шуды жоюды талап етті.

Тұрғындардың уәкілетті органдарға жазған арыздарынан еш нәтиже шықпаған. Алайда, сотта тұрғындар жүргізген сараптама шешуші дәлел болды, ол рұқсат етілген шу деңгейінен асып, 49,5 дБ құрады (норма 40 дБ).

Татуласу рәсімінің нәтижесінде тараптар бітімгершілік келісімге келді. Жауапкер талапкерге сараптама жүргізуге жұмсаған 84 мың теңге шығынды өтеуге және шудың көзі — жабдықтың дыбысоқшаулағышын жасауға міндеттенді. Өз кезегінде талапкер қосымша талаптардан бас тартты. 

Сот бітімгершілік келісімді бекітті. Іс тоқтатылып, талапкерге төленген мемлекеттік баж қайтарылды.

Бұдан бұрын Таразда оқушының анасына баласының буллинг әрекеті үшін айыппұл салынды.

Соңғы жаңалықтар