Таразда су алып кеткен аулалар мен көшелер тазартылуда

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараздағы жеке үйлер алабында біршама аулалар мен қаладағы жолдарды қатты нөсер салдарынан су басты.
None
None

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Кіші Қарасаз арнасы жағалауындағы аумақтардың су басу салдарын жою жұмыстары жүргізілуде. «22 маусымда кешке қарай Таразда нөсер жауын салдарынан Қазыбек би мен Сеңкібай көшелерінде бес жеке үйді су басты, - дейді облыстық ТЖД бас маманы Сәуле Мұңатаева. - Облыстық ТЖ және Тараз қалалық ТЖБ күштері арықтарды тазарту және суларды сорғызу жұмыстарын жүргізді. Оған барлығы 27 маман мен 8 техника жұмылдырылды. 130 текше метр су сорғызылды, түнге қарай су басу салдары жойылды».

С.Мұңатаеваның хабарлауынша 23 маусымда Таразда 4 көшені және 80 ауланы су басып қалған.

«Жергілікті атқарушы органдардың күштерімен (10 техника мен 22 адам) Кіші Қарасаз аранасының арнасын тазарту, жағасын бекіту, су көлемін азайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. ТЖ департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің қызметкерлері су басқан төрт көше мен аулаларды судан тазартуды қолға алды. Сонымен бірге,  арнаның жағалауын бекіту үшін құм салынған қаптар қойылуда. Оған 40 адам, 5 техника және бір мото сорғы тартылды. 850 текше метр су сорғызылды», - деп атап өтті облыстық ТЖД.

Соңғы жаңалықтар