Таразда «Тәуелсіздік құрдастары» жастар акциясы өтті

ТарМПИ ректоры Асқар Әбдуалы қазақстандық тәуелсіздіктің құрдастары болып табылатын жастарды мерекемен құттықтап, Қазақстан Тәуелсіздігінің жиырма бірінші туған күні бүкіл Орталық Азия үшін жаңа дәуірді ашып отырғанын атап өтті.
«Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Айнұр Келімбетова жас азаматтарды тәуелсіздік мұрасын сақтауда және көбейтуде белсендірек болуға шақырды.
Жастар акциясы барысында «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері марапатталды. Тәуелсіздіктің жиырма бір «құрдасына» дипломдар мен алғысхаттар, сондай-ақ Қазақстан тарихы мен қазіргі кезі жайында кітаптар топтамасын сыйлады.
«Тәуелсіздік құрдастары» акциясына «Нұр Отан» ХДП Жамбыл облыстық, Тараз қалалық филиалдарының қызметкерлері, ЖОО мен ООО-ның студенттері мен оқытушылары, үкіметік емес ұйымдардың төрағалары, «жасотандықтар» мен БАҚ қатысты.
Шараны «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының облыстық және қалалық филиалдары ұйымдастырды.