Таразда тәуелсіздік мерейтойы қарсаңында балабақша мен шағын орталық ашылды

РАЗ. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Таразда тәуелсіздік мерейтойы қарсаңында балабақша мен шағын орталық ашылды,
None
None

деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

"Айсәуле" балабақшасы 280 орынға (12 топ) арналған. Тәрбие беру жұмыстары қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. «Жалтөбе-Қорған» ЖШС құрылыс фирмасы 6 айда ғимараттың жөндеу жұмыстарын аяқтады.

Балабақша меңгерушісі Орынгүл Жүнісбекованың айтуынша, ғимарат орталық жылумен, сумен және арнайы жаңа жабдықтармен қамтамасыз етілген 16 кабинетпен толыққан.

«Жалпы алғанда, мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы бойынша Таразда жылдың соңына дейін 1 290 орындық балалардың мектепке дейінгі мекемесін ашу жоспарда бар», - деді қала әкімі.

Соңғы жаңалықтар