18:54, 21 Қараша 2011 | GMT +5
Таразда ТКШ қайта жаңғырту бағдарламасы бойынша жатақханаларды жөндеу жұмыстары аяқталып келеді
РАЗ. 21 қараша. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Таразда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты қайта жаңғырту бағдарламасының екінші тетігі бойынша жатақханаларды жөндеу жұмыстары аяқталып келеді, деп хабарлайды Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Қала әкімінің баспасөз қызметі Олжас Ақылбаевтың айтуынша, республикалық бюджеттен бөлінген алғашқы қаражат мөлшері 206,25 млн. теңгені құрады. «Бұл қаражатқа осы жылы 22 үйді, соның ішінде өте жаман жағдайда тұрған 9 жатақхананы жөндеуден өткіземіз деп жоспарлаудамыз», - деді О.Ақылбаев.
Жатахқаналардың жабындары, жертөлелері, инженерлік желілері, ғимарат алдындағы алаң жөндеуден өткізіліп жатыр, деп толықтырды қалалық әкімдікте.