11:47, 04 Маусым 2013 | GMT +5
Таразда туберкулезге қарсы диспансер отқа оранып, 74 адам қауіпсіз жерге шығарылды
None

АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Тараз қаласында кеше сағат 07.55-те Облыстық туберкулезге қарсы диспансердің 4 қабатты ғимаратының бірінші қабатындағы палата отқа оранды. Жалын 30 шаршы метр аумақты жайпады. Адам шығыны жоқ.
Тілсіз жау сағат 08.21-де ауыздықталды. Медициналық қызметкерлер оқиға орнына өрт сөндіру қызметі жеткенше дейін стационарлық түрде ем-дом қабылдаған 74 адамды қауіпсіз жерге шығарып үлгерген. Төтенше жағдайды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Жамбыл облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 25 маманы мен 6 техникасы жұмылдырылды.