04:17, 02 Шілде 2024 | GMT +5
Таразда тұрғын үй шатырынан өрт шықты
ТАРАЗ. КАZINFORM – Тараздағы тұрғын үйлерінің бірінен өрт шықты. Үйдің шатырынан шыққан жалын 120 шаршы метр аумақты қамтыды.

«Өртті сөндіруге оқиға орнына 16 өрт сөндіруші және 4 арнайы бірлік техника жедел жетті. Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында оттың жақын тұрған үйлерге таралуына жол берілмеді. Өрт толықтай жойылды, зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі таңда өрттің шыу себептері анықталуда», – делінген Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің таратқан ақпаратында.
Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында шаруа қожалығының 500-ге жуық малы суға кеткенін жазған болатынбыз.