03:25, 21 Қазан 2024 | GMT +5
Таразда тұрғын үйден өрт шығып, 10 адам эвакуацияланды
АСТАНА. KAZINFORM - Жамбыл облысында пәтердегі өрт кезінде 10 тұрғын эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

"Тараз қаласында төрт қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерде 2 ш.м. алаңда жану орын алды. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 10 тұрғынды, оның ішінде 2 баланы баспалдақ маршымен эвакуациялады. Құтқарушылар өртті толығымен сөндірді" делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.