Таразда тұрғын үй кезегінде 4,6 мың адам тұр, 51 мың қалалық азамат үй салу үшін жер ала алмай жүр

2009 жылдан 2011 жылға дейін 32,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, кезекте тұрған 621 адамға пәтер берілді.
2012 жылы бюджеттік қаражат есебінен тұрғын үйдің шамамен 22 мың шаршы метрін енгізу жоспарланып отыр, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 9 мың шаршы метрге көп.
Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 1,8 млрд. теңгеден астам ақша бөлініп жатыр. Соның ішінде несиелік тұрғын үйді салуға 512 млн. теңге, коммуналдық тұрғын үйді салуға - 1,3 млн. теңге қарастырылған, бұл 2011 жылдың деңгейінен 2,3 есеге көп.
Республикалық бюджеттен қосымша бөлініп жатқан қаражаттың 800 млн. теңгесін Таразда салынып жатқан «Бәйтерек» 13-ші шағын ауданының инженерлік инфрақұрылымын дамытуға жіберу жоспарлануда.
2013 жылы тұрғын үй бағдарламасын іске асыру үшін республикалық бюджеттен 6 млрд. астам теңге бөлу жоспарланып отыр, соның 3,5 млрд. теңгесі инфрақұрылымды дамытуға жұмсалмақ.
Мемлекет басшысы өзінің Жолдауындағы екінші негізгі міндеті ретінде жарты миллионнан астам жас отбасылар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін белгіледі.