Таразда Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкінің 130 салымшысы жыл соңына дейін пәтерлердің кілтін алады

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - «Қазақстанның тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ Жамбыл филиалы Таразда пәтерлерді бөлуде, деп хабарлады аталған банк филиалынан.
None
None

«Пәтерлер «Арай» тұрғын үй алабындағы 65-пәтерлік үйде. 3 бөлмелі ауданы 109,07 шаршыметрлік пәтерлер 12,65 млн. теңгеге бөлінбек, сондай-ақ ауданы 112,99 шаршыметрлік 4 бөлмелі пәтерлер құны 13,1 млн. теңге тұрады. Төлем қабілетін қуаттаған өтінім берушілер банкке құрылыс нысанынан пәтерлер таңдауға мәліметтерін тапсыруы немесе одан бас тартуы тиіс», - делінген хабарламада.

Банк филиалында түсіндіргендей, егер өтінім беруші тиісті мәліметтерді ұсынбаса, тұрғын үйлерді бөлу автоматты әдіспен қалған бос пәтерлердің есебінен жүзеге асырылады.

«2020 жылға дейінгі аймақты дамыту» мемлекеттік бағдарламасының операторы ретінде Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі тұрғын үйді сатып алушылар мен жалдаушылар пулін қалыптастыра отырып, конкурстық негізде тұрғын үйлерді бөлуге қатысады. Бағдарлама екі санатты - «Жас отбасылар үшін тұрғын үй» және «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» санаттарын қамтиды», деп түсіндірді банкте.

Жамбыл облысында бағдарлама жүзеге асырыла бастағаннан бері жергілікті атқарушы органдар осы екі санат үшін 10 көппәтерлі үйді пайдалануға берді - бұл жалпы ауданы 55 мың шаршыметрді құрайтын 659 пәтер.

Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі биылғы жылы құрылыстың барлық көлемі және оны қаржыландыру сақталғанын атап өтті. Жыл аяғына дейін 130 пәтерлік, бір шаршыметрі 116 мың теңге тұратын 130 пәтерлік 2 үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

«Қорытындысында біздің банктің 130 салымшысы өздерінің тұрғын үй жинақтары жүйесі арқылы өз пәтерлерінің қожайыны болады», деп түйіндеді Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкінің филиалы.

2015 жылдың қарашасына Жамбыл облысындағы Тұрғын үй-жинақ банкінің салымшылар саны 19 009 адамды құрады.

Соңғы жаңалықтар