Таразда түзету мекемесінің бұрынғы қызметкеріне пара алғаны үшін 6 млн теңге көлемінде айыппұл салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тараз қаласының № 2 сотында пара алды деп айыпталған Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД 158/2 түзету мекемесінің бұрынғы қызметкері Д.Бейсенбайға қатысты іс қаралды, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.
None
None

Іс материалдарына қарағанда, 2015 жылдың қыркүйегінде 158/2 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқандардың бірі Д.Бейсенбайға туыстарымен кездесуді ұйымдастыру өтінішімен барған. Д.Бейсенбай сотталушыдан 100 000 теңге талап еткен.

Д.Бейсенбайды пара алу кезінде Жамбыл облыстық ІІД ішкі қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ұстады.

Тараз қаласы № 2 сотының үкімімен Д.Бейсенбай ҚР ҚК 366 бабы 2 бөлімінде қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылыққа айыпты деп танылып, оған параның алпыс еселенген көлемінде айыппұл салынды. Бұл 6 000 000 теңгені құрады. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылып, мүлкі тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар