Таразда Ұлттық ұлан сотталғанға телефон жеткізу әрекетін тоқтатты

АСТАНА. KAZINFORM — Таразда Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сотталғанға телефон жеткізу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі

Таразда түрмеге майлыққа салынған телефон беріп жібермек болған
Фото: Ұлттық ұлан

Тараз қаласындағы түзеу мекемелерінің бірінде ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері режимдік нысан аумағына тыйым салынған заттарды өткізу әрекетін дер кезінде тоқтатты.

Қысқа мерзімді кездесу кезінде сәлемдемені тексеру барысында, жеткізу мен кездесулерді бақылау бөлмесінде (ЖКБ), Ұлттық ұланның кезекшіліктегі әскери қызметшілері мен ҚАЖ қызметкерлері бірлесіп, ылғал майлықтардың қаптамасынан 1 ұялы телефон мен 2 USB зарядтау шнурын тапты.

Нацгвардия пресекла попытку передачи телефона осужденному в Таразе
Фото: Ұлттық ұлан

Сәлемдемені сотталған азаматпен кездесуге келген тұрғын тапсыруға тырысқан.

Тыйым салынған заттарды өткізуге әрекеттенген азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ал тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді.

Айта кету керек, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету – ҚР ІІМ Ұлттық ұланының маңызды міндеттерінің бірі саналады.

Осыған дейін Ұлттық ұлан әскери қызметшілері СҚО-да 200 мыңнан астам қапшық дайындағанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар