Таразда ұлттық ат спортынан Қазақстанның IX чемпионаты аяқталды

None
None
ТАРАЗ. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ – Таразда Бауыржан Момышұлы атындағы атшабарда ұлттық ат спортынан Қазақстанның IX чемпионаты аяқталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Жамбыл облысы әкімдігі туризм және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Көкпар, аударыспақ, қыз қуу және теңге алу сияқты ұлттық спорт түрлері бойынша еліміздің қалалары мен облыстарынан келген 12 команда сайысқа түсті. Жоғары топта Астана қаласынан, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарынан келген спортшылар өнер көрсетті. Бірінші топта Алматы қаласынан, Қарағанды, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Алматы облыстарынан келген командалар бәсекеге түсті. Тартысты өткен ұлттық ойындардың көкпардан өткен финалында Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының командалары күш сынасты. Бұл екі команда чемпионатта жеңілістің бірде-бір ащы дәмін татпаған болатын. Ақтық сайыс қорытындысында 4:2 есебімен алаң иелері ? жамбылдықтар жеңіске жетті. Чемпионаттың жалпы қорытындысы бойынша жоғарғы лигада жамбылдық көкпаршылар бірінші орынды, оңтүстікқазақстандықтар ? екінші орынды, Ақмола облысының өкілдері ? үшінші орынды иеленді. Бірінші лигада Алматы қаласының командасы ? бірінші орынды жеңіп алды, екінші орында ? Алматы облысы, үшінші орында ? батысқазақстандық спортшылар. Аударыспақта Оңтүстік Қазақстан облысынан Сырым Ізбасаров, жамбылдық Мұхтар Сейітбеков, оңтүстікқазақстандық Ерғали Бекбасаров өз салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаз атанды. Қыз қууда Қостанайдан келген ағайынды Жансая және Бақдәулет Асановтар бірінші орынды иеленді.
Соңғы жаңалықтар