Таразда ҰОС ардагерлеріне пәтер кілттері табыс етілді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында облыс орталығының ардагерлері жаңа пәтерлердің кілттеріне ие болды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
None
None

«Бәйтерек» шағынауданында Ұлы Отан соғысының бес ардагеріне мемлекеттік тұрғын үй қорынан бөлінген пәтерлердің кілттерін салтанатты түрде табыстау шарасы өтті.

460 млн. теңгеге 75 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы 2012 жылдың қыркүйегінде басталған. Мердігер - «Агроспецстрой» ЖШС. «Бүгінде Таразда ҰОС 128 ардагері мен мүгедегі, сонымен қатар шамамен үш мың тыл еңбеккері тұрады. 2011 жылдан 49 соғыс ардагеріне пәтер кілті ұсынылды. Барлық ардагерлер баспанамен қамтылды. Биыл облыс аудандарынан келген ардагерлер баспаналы болды», - деді қалалық әкімдікте.

Соңғы жаңалықтар