Таразда жалпыұлттық коалиция құруды және референдум өткізуді қолдаған қоғамдық жиын өтті

Таразда өткен қоғамдық жиналысқа қатысушылар осындай мәлімдеме жасады.
Облыстың саяси және қоғамдық ұйымдарының, зиялы қауымның, этномәдени бірлестіктердің өкілдері Демократиялық күштердің «Қазақстан -2020» жалпыұлттық коалициясын құру туралы «Нұр Отан» партиясының бастамасына қолдау білдірді.
«Қазір ел Президентінің өкілеттігін ұзарту жөніндегі жалпыхалықтық референдум идеясына қолдауға жаңа серпін беру үшін халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруға бар күш-жігерді жұмсаудың маңызы зор», - деп санайды «Әділет» партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары Дарико Диханбаева.
«Мен ешқандай партияға мүше емеспін. Бірақ референдум өткізу идеясын қолдаймын, себебі Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтар үшін тұрақтылықтың, гүлдену мен бақуаттылықтың кепілі»,- деді Қазақстанның Жазушылар одағының облыстық филиалы директоры, «Жамбыл» журналының редакторы Несіпбек Даутаев.
Журналистің пікірінше, патриотизмді және өз елінің тағдыры үшін азаматтық жауапкершілікті жай сөз деп санамайтындардың барлығы коалицияға бірігулері керек.