Таразда «ZHAMBYL - INVEST - 2010» халықаралық бизнес-форумы өтіп жатыр

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Таразда сәрсенбі, маусымның 23-і күні аймақ экономикасына құйылатын инвестициялық тармақтарды ынталандыру мен инвестициялық жағдайды жақсарту мақсатындағы «ZHAMBYL - INVEST - 2010» халықаралық бизнес-форумы өтіп жатыр.
None
None

Форум жұмысына орталық және жергілікті атқарушы органдардың, дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың, ұлттық компаниялар мен жақын және алыс шетел компаниялардың өкілдері, сондай-ақ елдегі ірі және орта бизнес өкілдері қатысты.

Форум барысында экономиканың даму және аймақтағы химия және металлургия, энергетика, құрылыс индустриясы, агроөнеркәсіп, туризм және басқа да салаларға инвестиция тарту мәселелерін талқылау жоспарланған.

«ZHAMBYL - INVEST - 2010» халықаралық бизнес-форумын Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесе отырып Жамбыл облысының әкімдігі ұйымдастырып отыр.

Соңғы жаңалықтар