Таразда жаңа спорт алаңы ашылды

РАЗ. 18 қараша. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Таразда жаңа спорт алаңы ашылды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
None
None

Балаларға арналған кезекті футбол алаңының салтанатты ашылуы бүгін облыс орталығы маңындағы кенттердің бірінде Тараз қаласының әкімі Бекболат Орынбековтың қатысуымен өтті.

«Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың бастамасымен Таразда аулаларды көріктендіру қалалық бағдарламасын іске асыру жалғастырылып келеді. 2010 жылдан бастап қалада 11 шағын футбол алаңы жасалды, оның жетеуінде Голландияда шығарылған жасанды жабындар пайданылған», - деді ашылу салтанатының рәсімінде Б.Орынбеков.

Пайдалануға берілген шағын футбол алаңдарында балалар жыл бойы дене шынықтырумен айналысып, салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік алуда.

Қала әкімі атап өткендей, бұл алаңдарда отбасылық спорт шаралары, сонымен қатар Қазақстан Республикасының 20 жылдығына арналған гандбол мен шағын футбол бойынша жарыстар өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар