Таразда жастар 4 тоннаға жуық қоқыс жинады

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда «Жасыл ел» еңбек жасағындағы жастар «Жеңіс» және Тұрар Рысқұлов атындағы саябақты, «Қарасу» каналының бойын қоқыстан тазартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Нәтижесінде аталған аумақтардан 4 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Тараз қаласы әкімдігі медиа орталығының мәліметінше, «Жасыл ел» еңбек жасағында биыл наурыз-қазан айларында 350 жас жұмыспен қамтылады деп жоспарланған.

Ал былтыр мұнда 440 жас еңбек еткен.

Айта кетейік, жастарды бос уақытында еңбекке баулу мақсатында «Жасыл ел» еңбек жасағын жасақтауға жергілікті бюджет есебінен 27 миллион теңге қаржы қарастырылған болатын.

Еске сала кетейік, сәуір мен мамыр бойы бүкіл ел аумағында экологиялық сенбіліктер өтіп жатыр.

Таяуда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы желілік саябақта «Жасыл Астана» экологиялық айлығы аясында ұйымдастырылған қалалық сенбілікке қатысып, жастармен бірге ағаш отырғызды.

Мемлекет басшысы сенбілік барысында волонтерлермен және студенттермен әңгімелесті.

Бұған дейін Жамбыл облысында 7 үйдің ауласын, 1 үйдің жертөлесін су басқанын жазған болатынбыз.

30 сәуір сағат таңғы 5.30 шамасында Исмаил каналының 1,2 шақырымында, яғни Жамбыл ауданы, «Дорожник» саяжайы, Горный көшесінің тұсында су каналдың жағалауын шайып кетті.

Сондай-ақ,Таразда пластмасса қалдықтары өңделіп жатқаны жайлы ақпаратта еріктілер қоқыс қалдықтарын да кәдеге асырып жүргенін айтқанбыз.


Соңғы жаңалықтар