Таразда жастар театры ашылды

Театр өнерпаздары Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» музыкалық драмасын сахналады. Бұл - театр репертуарындағы алғашқы классикалық шығарма.
Театр режисері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Майра Әлімбетованың айтуынша, болашақта махаббат пен достықтың қаншалықты құдіретті күш, ұлы сезім екенін ұғындыратын һәм жұртшылықтың көңіл төрінен орын алған классикалық қойылымдар сахналанбақ.
- Театр - бұл мәңгілік сезімге толы тұтас бір өмір. Махаббат пен өшпенділік, өмір мен өлім, сенім мен үміт. Студенттер үшін ол театр өнерінің сиқырлы күшіне жанасуға, түрлі кейіпкерлердің бейнесін сомдауға түсінуге жол ашады. Бұл театр қойылымдарын кәсіби мамандар емес, студенттер қояды. Бұл - жастардың шығармашылығын шыңдауға үлкен сеп болмақ, - деді Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Дария Қожамжарова.
Қазіргі уақытта театр студенттері «Айша бибі» атты тарихи қойылымға дайындалуда.