08:46, 01 Маусым 2010 | GMT +5
Таразда «Жасыл ел» жасағының жаңа еңбек маусымы ашылды
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Тараздағы Тұңғыш Президент саябағында «Жасыл ел» жастар жасағының жаңа еңбек маусымы ашылды.
«Жасыл ел» облыстық штабының төрағасы Ықтияр Мырзахметовтың ақпараты бойынша, экологиялық десант «Біз бірлесіп көп іс атқара аламыз» республикалық акциясының аясында өтті.
«Біз Тараз қаласына 100 түп раушан гүлін тарту еттік, оларды Тұңғыш Президент саябағына отырғыздық», - дейді Ы.Мырзахметов. ол сондай-ақ, биылғы еңбек маусымына «Жасыл елдің» 24 жасағы атсалысатынын хабарлады. Құрамына 700 адам кіретін еңбек жасақтары жаз бойы облыс орталығын абаттандыру және көгалдандыру шараларына атсалыспақ.