08:45, 08 Қазан 2013 | GMT +5
Таразда жекеменшік үйдің шатыры өртенді - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы, Тараз қаласында жекеменшік тұрғын үйдің шатыры өртенді, деп хабарлады ҚР ТЖМ.

От бір сағаттың ішінде сөндірілді. Оған ҚР ТЖМ Жамбыл облысы ТЖД жеке құрамының 11 адамы мен өрт сөндіру қызметінің 3 техникасы жұмылдырылды.
Жалын 45 шаршы метр аумақты шарпыды. Оқиға салдарынан күйік шалған 1984 жылғы әйел ауруханаға жатқызылды.