Таразда жер алып беруге уәде берген алаяқ ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тараз қаласында 60 жастағы әйел жер учаскесін алып беруге көмектеспекші болған алаяққа қомақты ақша берген. Бұл жайлы облыстың ІІД-іне сілтеме жасаған «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Таразда жер алып беруге уәде берген алаяқ ұсталды

2 тамыз күні Тараз полиция бөлімшесіне қаланың 60 жастағы тұрғыны келіп, 15 шілде күні оның сеніміне кірген «Бақытгүл» есімді танысы жер учаскесін алуға көмектесемін деген желеумен 1 700 000 теңгесін алып кеткенін мәлім етті.

«Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері алаяқтың тұлғасын анықтап, аз уақыттың ішінде ұстады. Ол 51 жастағы Жамбыл облысы Сарыкемер ауылының тумасы болып шықты. Тергеу барысында ол кінәсін мойындады. Аталған дерек ҚР ҚК 190 бап 2 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді», - деп хабарлайды полиция қызметкерлері.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.