Таразда жолаушылар автобусы бір адамды мерт қылды

ТАРАЗ. Kazinform – Бүгін Төле би даңғылының бойында автобус жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзып, көлік тұрағына шығып кетіп, жаяу жүргіншіні қағып кетті. 

автобус и легковушка столкнулись в Алматы
Фото: Видеодан кадр

Жол-көлік оқиғасының салдарынан жаяу жүргінші алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Жамбыл облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жолаушылар автобусының жаяу жүргіншіні қағып кету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Соңғы жаңалықтар