Таразда жолаушылар автобусы КамАЗ-ға соғылды

ТАРАЗ.ҚазАқпарат - Жолаушылар автобусының КамАЗ-ға  соғылуынан кейін төрт адам  Тараз қалалық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Таразда жолаушылар автобусы КамАЗ-ға соғылды

Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, апат Сухэ Батыр және Щербаков көшелерінің қиылысында болған. Бүгін таңертең басты көшеде келе жатқан 11 бағытты жолаушылар автобусы бұрыла бере қосалқы жолдағы КамАЗ-ға соғылды. Куәгерлердің айтуынша, бұл уақытта бағдаршам жұмыс істемеген. Қазіргі уақытта  зардап шеккен төрт  азамат №1 қалалық  ауруханада  ем алып жатыр.  Дәрігерлердің хабарлауынша, ауруханаға түрлі деңгейдегі жарақат алған 24 адам келген, барлығына тиісті медициналық жәрдем көрсетіліп, екі адамға ота жасалған.  Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы бірқалыпты.