23:43, 15 Қазан 2015 | GMT +5
Таразда жылыту маусымы басталды
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Облыс орталығында әдетте жылыту маусымы 15 қазанда басталады, деп хабарлады Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімінен.

Бөлім басшысы Бақытжан Жақсылықовтың сөзінше, облыстың түрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала нысандарының қысқа әзірлігін қабылдау 25 қыркүйектен басталған.
«Қазір әлеуметтік нысандар - мектептер, ауруханалар жылуға қосылды. Облыс орталығындағы 1200 үй 1 қазанға қарай жылу маусымына 100% әзір болды», - деді ол. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметтері бойынша 2015 жылы түрлі нысандарының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін қысқа қарай жөндеу және жаңарту үшін бюджеттен 11,5 млрд. теңге қарастырылған.