Таразда жыр алыбына арналған ақындар айтысы өтті

ТАРАЗ. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Таразда жыр алыбы Жамбыл Жабаевқа арналған жас ақындардың жыл сайынғы айтысы аяқталды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Жамбыл облыстық мәдениет басқармасына сілтеме жасап.Облыстық мектеп олимпиадалары және мектептен тыс шаралар орталығында өткен айтыс «Мен Жамбылды жырлаймын» деген тақырыпқа арналды, оған облыстың барлық аудандарынан жиырмадан астам мектеп оқушылары қатысты. Қазылар алқасын Жамбыл облысындғы белгілі журналист, драматург, Жазушылар одағының мүшесі, мектеп оқушыларына арналған танымдық журналдың жетекшісі Елен Әлімжанов басқарды.Финалда кездескен төрт жұп ақындардың ішінде Жуалы ауданынан Қанат Мырзаханұлы жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар тарту етілді.
Соңғы жаңалықтар