Тараздағы «Астана Самсон Трейд» ЖШС сүт кәсіпорнында болған өрт екі млн. теңге залал әкелді

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. 21 қаңтар. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - «Келешек және К» ЖШС-нан өндірістік алаңдарды жалға алып отырған Тараздағы «Астана Самсон Трейд» сүт кәсіпорнында болған өрттің залалы екі миллион теңге болады, деп хабарлады алдын ала тергеудің болжамын жасаған Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
None
None

Бұрын хабарланғандай, 20 қаңтарда күндізгі сағат үште электр-дәнекерлеу жұмыстары кезінде Жамбыл даңғылындағы «Келешек және К» ЖСШ-ның аумағында орналасқан ғимаратқа от тиеді.

«Сүт зауытының аумағында болған өрттің себебі дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу барысында өрт қауіпсіздік шараларының сақталмауы», деп түсіндірді ТЖД бастығы Жамбылбек Шақабаев.

Соңғы жаңалықтар