Тараздағы митинг - Ұлы Отан соғысы тарихының белгісіз парақтары

None
None
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Тараздағы Даңқ ескерткішінің алдында Ұлы Отан соғысы жылдары «Марс» деп аталатын құпия операция барысында қаза тапқан қазақстандықтарды еске алуға арналған митинг өтті.
Бұл жиын «Темірқазық» жастар қозғалысының бастамашылығымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Митингті ұйымдастырушылардың бірі, «Нұр Отанның» жастар қанатының мүшесі Нұрлан Қанатовтың айтуынша, 1942 жылдың қараша айында Мәскеудің Ржевский бағытында аса құпия «Марс» операциясы жүргізілді. Операция барысында екі аптаның ішінде 20 мыңға жуық қазақстандық жауынгер қаза тапқан, олар құжаттар бойынша із-түзсіз жоғалғандар санатында болып келген. Ол операцияның құпия құжаттары жария етілгеннен кейін, Ресей Федерациясының іздестірушілер командасы Жамбыл облысының 74 түлегі туралы мәлімет хабарлаған. Мәскеу маңындағы орманда қаза тапқан жауынгерлердің туыстарының бес отбасы табылып отыр. «5-10 жылдан кейін ардагерлерден ешкім қалмайтынына және Ұлы Отан соғысының тарихы тек кітап беттерінде ғана қалатынына қарамастан, ешкім де ұмытылмауы керек. Қазақстандықтар сол сұрапыл соғысты ешқашан ұмытпай, ата-бабаларының ерліктерін әрқашан мақтан тұтатын болады», - дейді Н.Қанатов.
Соңғы жаңалықтар
telegram